Қапшағайда жас жұбайлар өлі табылды

9 Сәуір 2022, 13:48
1592
Бөлісу:
Қапшағайда жас жұбайлар өлі табылды

Алматы, BAQ.KZ. 8 сәуірде Қапшағай қаласында жас жұбайлар асулы күйінде табылды. Жігіт 22 жаста, ал жас келін небәрі 18 жаста. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, ерлі-зайыптылардың (22 жастағы жігіт пен 18 жасар қыз) мәйіттері 8 сәуірде Қапшағай қаласында қалалық жанар-жағармай бекеттерінің біріне жақын маңнан табылған.

Жәбірленушілер асулы тұрды. Сырттай тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ, сондықтан ерлі-зайыптылар өз-өздеріне қол жұмсауы мүмкін деп болжам жасауға болады,-делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Түпкілікті процессуалдық шешім сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша қабылданады.
Тергеу мүддесі үшін толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ, азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз. Қылмыстық заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз,-делінген хабараламада.
 

Өзгелердің жаңалығы