2022 жылғы 2 қарашада әлеуметтік желілерде Алматы облысының Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен, балық шаруашылығы саласындағы мамандандырылған ғылыми ұйыммен бірлесіп балық шабақтарының қырылу дерегі орын алған жерге жедел шықты.
Жануарларға қауіп төну қатері және (немесе) қырылуы орын алған жағдайда жедел іс-қимыл схемасына сәйкес, Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, "Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС, Алматы облысының аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімшелері, Алматы облысының экология департаменті, Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасына жедел хабарланып, шұғыл түрде жұмыстар жүргізіледі.
Балық шабақтарының қырылу себебін жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың өкілдерімен құрылған комиссия анықтайтын болады.
Нәтижелері қосымша хабарланады.