Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылдың 27 мамырында сағат 16:00-де Алматы облысының ТЖД-сына Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында екі адамды қайықпен жағадан алысқа желмен алып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын Алматы облысы ТЖД Қапшағай өңірінің құтқарушыларымен тәуліктің қараңғы уақытында, нөлдік көріну және күшті толқындар кезінде жүргізді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында аз уақыттың ішінде суда апатқа ұшырағандар жағадан сегіз шақырым жерден табылды және қауіпсіз жерге жеткізілді, - делінген хабарламада.
Құтқарылғандар Қапшағай қаласының тұрғындары 1995 және 1997 жылы туылған жастары. Олар Қапшағайда достарымен демалыста болған.
Көмек туралы белгі олардың таныстарынан келіп түсті.
Құтқарушылар арқасында олар тірі және сау қалды. Алматы облысы ТЖД азаматтарды сақ болуға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Суға шығар алдында ауа-райы жағдайымен танысып, құтқару кеудешелерін киюді ұмытпаңыздар, - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.