"Qantas" әуе компаниясы 6 мың жұмысшысын қысқартады

26 Маусым 2020, 02:30
2550
Бөлісу:
"Qantas" әуе компаниясы 6 мың жұмысшысын қысқартады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның "Qantas" әуе компаниясы 6 мың жұмысшысын қысқартатынын мәлімдеді. Тағы 15 мың қызметкер ақысыз демалыста қала бермек. Себебі бірлестік пандемияға байланысты қаржылай қиындыққа тап болып, миллиардтаған шығынын қысқарту туралы шешім қабылдаған.

Халықаралық бағыттағы сапарлар әзірге ашылмайды.

Айта кетейік, "Qantas" әуе компаниясының жалпы 29 мыңға жуық жұмысшысы бар.
Қолға алғалы отырған шарамыз мыңдаған жұмысшымызға әсер ететінін түсінеміз. Бұл бәрімізге оңай соққан жоқ. Бірақ індеттен туындаған дағдарыстан компания кірісінің азаюы бізді осындай шешім қабылдауға мәжбүр етті. Егер біз ұзақ мерзімде жұмыс орындарын барынша сақтап қалғымыз келсе, осындай шараларды қолға алғаннан басқа амал жоқ, – дейді "Qantas" әуе компаниясының бас директоры, Алан Джойс.


Өзгелердің жаңалығы