Қаңтар оқиғасында қаза тапқан тұлғалардың тізімі жарияланды

16 Тамыз 2022, 19:44
1196
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасында қаза тапқан тұлғалардың тізімі жарияланды

Бүгін  Бас прокуратура маңызды ақпараттық хабарлама жасады. Қаңтардағы оқиғалар кезінде қайтыс болған азаматтардың тізімі жарияланды. Бұл туралы Элбира Азимова өзінің facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы уақытқа дейін кейбір құқық қорғаушылар құқық қорғау органдарына ресми сұрау жіберді, бұл туралы әлеуметтік желілерде хабарлады. Бірақ, қылмыстық істерді тергеуге сілтеме жасай отырып, құзыретті орган бас тартты, - дейді  Элбира Азимова

 Сондай-ақ ол  бұл мәселені Бас прокуратура мен басқа да органдар алдында 2022 жылғы 8 қаңтардан бастап көтергенін айтты.

Кәзіргі уақытта сындарлы диалогтың және ұсынылған дәлелдерді ашық талқылаудың арқасында біз Бас прокуратура тарапынан шешім қабылдауға қол жеткіздік,- дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы