Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушы анықталды

5 Қаңтар 2023, 14:26
3700
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушы анықталды

Журналистер Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Бас Прокурор Берік Асыловты сұрақ астына алды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бас Прокурорға «Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған кімдер? «Олардың ат-жөндері кім?», «238 адам қалай қаза тапты?» деген сұрақтар қойылды.

Берік Асылов ұйымдасқан топ көсемдерінің бәрі анықталғанын айтты. Алайда, есімдерін атамады.

Ол әр құқық қорғау органдарының қолдарында. Оның бәрін сіздерге айта алмаймын, – деді ол.

Айтуынша, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасалған.

Бұған дейін айтқандай, негізгі ұйымдастырушылар ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деді Берік Асылов Мәжіліс кулуарында.

Демек, Кәрім Мәсімов басты ұйымдастырушы ма? деп сұрады БАҚ өкілі.

Солай деп айтуға болады, – деп жауап берді Еліміздің Бас Прокуроры.

Өзгелердің жаңалығы