Ресейдегі Қазақстан елшілігінде Леонид Млечиннің «Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков» кітабы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Жиынның ашылуында Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев келушілерге 2022 жыл миллиондаған қазақстандықтар үшін әдеттегідей өмір салтын өзгерткен, олардың өмірін «бұрын» және «кейін» деп бөлген оқиғалармен есте қалғанын айтты.
Біз еліміздің тәуелсіз даму тарихындағы аса қайғылы сәтті бастан өткердік. Шын мәнінде, республиканың мемлекеттілігі мен егемендігіне қатер төнді, - деді Ермек Көшербаев.
Дипломатиялық өкілдік басшысының айтуынша, соңғы айларда БАҚ пен блогосферада көптеген мақалалар мен жарияланымдар шыққан, бірақ шын мәнінде қаңтардағы оқиғалардың себептері мен жағдайларын терең түсінуге әрекет болған жоқ. Бұл олқылықты өзінің зерттеуінде әйгілі ресейлік журналист, публицист Леонид Млечин толтыруға тырысқан.
Кітапты жазу кезінде автор Қазақстанға барып, тікелей куәгерлермен, оқиғаларға қатысушылармен жеке кездескен, құжаттарды зерттеп, болған оқиғаның айқын бейнесін жасау үшін оқиға орындарына барған. Оқырмандар кітаптан бұрын көпшілікке жарияланбаған көптеген фактілерді біле алады, - деді ҚР елшісі.
Автордың айтуынша, бұл кітап сол кезеңдегі оқиғаларды сипаттаудан, қатысушылармен және куәгерлермен – полицейлермен, тұзаққа түскен адамдармен, зардап шеккендермен және керемет батылдық танытқандармен сұхбаттан құралған.
Қаңтар айындағы оқиғалар орасан зор маңызға ие, өйткені Қазақстан бізге көрші, серіктес, одақтас және дос мемлекет. Біз Қазақстанда бәрі жақсы болатынына өте мүдделіміз. Бұл оқиғалар Орталық Азиядағы ең тұрақты мемлекетте болды. Бұл елде кенеттен не болғаны өзіме де қызық болды. Екіншіден, адамнан өркениеттің осындай жұқа қабаты қандай жылдамдықпен түсетініне таң қалдым. Алматыда маған айтқан оқиғалар, сол кезде адамдардың басынан өткергені мені таң қалдырды. Және үшіншісі, Қазақстанның тағдыры бір адамға, ел Президентіне байланысты болды, - деді Леонид Млечин.
Сонымен бірге, кітап авторы кәсіби дипломат Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең маңызды, бетбұрыс кезеңінде көрсеткен көшбасшылық қасиеттерін көпшілік бағалай қоймағанын айтты.
Көптеген адам түрлі себептермен қате тұжырымда болды. Мен о баста-ақ, мұны Қазақстан үшін сирек кездесетін сәттілік деп есептедім. Президент Тоқаев сол жерде болған жағдайды шешіп, елді осы ауыр дағдарыстан шығарып қана қоймай, жаңа өмір бастады. Елге алға жылжуға мүмкіндік берді, - дейді жазушы.
Қайғылы қаңтардағы оқиғалардың басталуы туралы айта отырып, Леонид Млечин бұған тиісті себептер де болғанын айтты.
Ресми себеп – оңай шешілуі тиіс газ бағасының қымбаттауы болды, газ бағасы бұл салада үлкен маңызға ие. Бірақ нақты себеп, шамасы, біреу Мемлекет басшысынан құтылғысы келді, оның саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділігін, елдің ашықтығын, елдің алға жылжуына бағытталған іс-әрекетін ұнатпады және газ бағасы жақсы себеп болды, - деп атап өтті ол.
Публицистің пікірінше, мұндай трагедия енді қайталанбауы үшін Қаңтар оқиғаларынан сабақ алу керек.
Ресей ғылым академиясы Қытай және заманауи Азия институты (РҒА ҚЗАИ) Әлемдік саясат және стратегиялық талдау орталығының ғылыми қызметкері Александра Перминова Леонид Млечиннің жұмысы ресейліктердің қазақстандардың өмірін, оқиғасын және жалпы өмір салтын түсінуіне үлкен үлес қосады деп есептейді.Леонид Михайлович өзі айтқандай ресейліктерге арнап кітап жазды. Біз мұнда жағдайды іштей емес, сырттай қарап отырған адамның тіліне көрудеміз. Мұндай көзқарас осы жылы қаңтарда бүкіл ел үшін уайымға салынған қазақстандықтардың тағдырына қызығушылық танытқан ресейліктер сияқты бақылаушыларға түсінікті болмақ, - деп есептейді А. Перминова.Менің ойымша, мұнда екі негізгі сабақ бар. Не және қалай болғанын мұқият және нақты зерттеу керек. Бұл сұрақтарға жауаптар әлі берілген жоқ – барлық қылмыстық істер әлі қаралған жоқ, барлық сот үкімдері шығарылған жоқ. Екіншісі, мен үшін ең бастысы, біз одақтасымызда не болып жатқанын жақсы түсінуіміз керек, - деп қорытындылады Л. Млечин.
«Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков» кітабының таныстырылымына Қазақстан мен Ресей Елшіліктерінің дипломаттары, сондай-ақ Ресей ғылым және сараптама қоғамдастығының өкілдері қатысты.