Қаңтар оқиғасы. Терроризм бабы бойынша жауапқа тартылғандар арасында шетелдіктер бар

27 Қазан 2022, 12:41
1084
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Терроризм бабы бойынша жауапқа тартылғандар арасында шетелдіктер бар

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Қаңтар оқиғасына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 25-тен астам қылмыстық іс қаралып жатыр. 

Ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 26 қылмыстық іс қаралып жатыр. Оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке 24 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері тартылып отыр. Сондай-ақ 46 адамның ісі терроризм және экстремизм бойынша қаралуда, - деп атап өтті Әсет Шындалиев Сенаттың кулуарында журналистерге берген сұхбатында. 

Сонымен қатар Бас прокурордың орынбасары терроризм және экстремизм бойынша өзге мемлекеттердің азаматтары да барын атап өтті. 

Еске сала кетейік, бүгін Сенатта Қаңтар оқиғасына қатысты «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданған болатын. Заң жобасы мейірімділік, адамгершілік пен ізгілік қағидаттарына негізделген. Рақымшылық өз қатесін мойындаған және қылмысы үшін кешірім сұраған адамдарға ғана жасалады, себебі қылмыс ақталмайды, қылмысқа аңдамай, қателікпен жол бергендерге рақымшылық жасалады. 

Өзгелердің жаңалығы