Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару арсеналы табылды

24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 Қаңтар 2024 2024, 09:19
АВТОР
 ҰҚК 30 Қаңтар 2024 2024, 09:19
30 Қаңтар 2024 2024, 09:19
2359
Фото: ҰҚК

24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Наверх