Қаңтар оқиғасы. 343 млн теңгеден астам соманы құрайтын ұрланған мүлік табылды

18 Шілде 2022, 16:20
1035
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. 343 млн теңгеден астам соманы құрайтын ұрланған мүлік табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев мәлімдеді. 

Айтуынша, келтірілген шығынды өтеуіне және тараптардың татуласуына байланысты соттар 13 адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатты.  

Қазіргі таңда соттардың өндірісінде 116 сотталушыға қатысты 55 қылмыстық іс қаралуда. Бұның алдында атап өткеніміздей, тергеу органдарының басты міндеттерінің бірі – ол жаппай тәртіпсіздіктер барысында зардап шегіп, кейін жәбірленуші болып танылған азаматтарға келтірілген шығынды өндіруді қамтамасыз ету. Осы бағытта қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтар мен бизнес субъектілерінің 343 млн теңгеден астам сомаға бағаланатын ұрланған мүлкі табылып, алынды. Оның ішінде 12 автокөлік, 317 тұрмыстық техника, 189 зергерлік бұйым, 386 ұялы телефон, 550-дей әр түрлі киім-кешек, 16 млн теңгеден астам ақшалай қаражат бар, - деп атап өтті Тергеу департаменті бастығының орынбасары. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ Қаңтар оқиғасы кезінде 80 адам ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы