Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қаңтар айында теннисші Александр Бублик үш турнирге қатысады

Бүгiн, 21:29
123
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің қаңтар айына жарыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа маусымның алғашқы айында Александр үш турнирде өнер көрсетеді. 5–11 қаңтар аралығында Бублик Гонконгта өтетін ATP 250 санатындағы турнирге қатысады.

12–18 қаңтар күндері ол Австралияның Коэнг қаласында өтетін көрме турнирінде жеңіс үшін бақ сынайды.

Еске салайық, Australian Open (теннистен Австралияның ашық чемпионаты) 18 қаңтарда басталады. Бублик турнирге іріктелген теннисшілер қатарында қатысады, ал алғашқы айналымдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы