Туризм және спорт министрлігі өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәлімет таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылдың 7 қазанына дейін өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәлімет:
eGov mobile арқылы – 161 707 адам;
жазбаша – 2 816 адам.
Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:
eGov mobile арқылы – 38 180 адам (жалпы санның 24,27%);
жазбаша – 878 адам (жалпы санның 29,77%).
2024 жылдың 18 наурызында басталған өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысудың төмендеуіне ықпал етіп келеді.