Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қаңғыбас иттерді аулауға қарсы акция: Нью-Делиде ондаған адам ұсталды

13 Тамыз 2025, 01:29
609
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Нью-Делиде жануарлар құқығын қорғау акциясы екінші күн қатарынан өтіп, ондаған адам полиция тарапынан ұсталды. NDTV телеарнасының хабарлауынша, наразыларды автобустармен алып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акция қатысушылары Үндістан Жоғарғы Сотының қаңғыбас иттерді аулау, зарарсыздандыру және баспанаға орналастыру туралы шешіміне қарсы шықты. Олардың пікірінше, мұндай шаралар мәселені түбегейлі шешпейді. Белсенділер билікті қаңғыбас иттерді міндетті түрде зарарсыздандыру және вакцинациялауды қамтитын жануарлардың тууын бақылау ережелерін қатаң орындауға шақырды.

11 тамызда Жоғарғы сот алдағы 6–8 апта ішінде 5 мың итті аулап, баспанаға орналастыруды тапсырған еді. Бұл шешім Нью-Делиде иттердің адамға шабуыл жасауы жиілегеннен кейін қабылданды. Қалада күн сайын шамамен 2 мың ит шағу оқиғасы тіркеледі. 2013 жылғы мәліметке сүйенсек, көшеде 60 мыңдай қаңғыбас ит болған, бүгінде олардың саны шамамен 1 миллионға жеткен.

Өзгелердің жаңалығы