Қандыағаштағы екі баланың өліміне қатысты тың ақпарат тарады

23 Наурыз 2025, 22:31
1408
Бөлісу:
Қандыағаштағы екі баланың өліміне қатысты тың ақпарат тарады
Фото: архив

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Қандыағашта қаза болған екі баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәрігерлердің айтуынша, балаларға медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған.

Жедел жәрдем бригадасы мекенжайға сағат 13:25-те жетті. Дәрігерлер келгенше балалар қайтыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар тұншықтырып өлтірілген. Олардан тұншығу белгілері анықталды, – деп мәлімдеген облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, бүгін Ақтөбеде екі кішкентай баланың денесі табылды. Олардың өліміне күдікті ретінде анасы қамауға алынды.

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиғаның алдын ала нұсқасы әйелдің босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырауымен байланысты.

Өзгелердің жаңалығы