Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қанды қылмыс: Яна Легкодимованы өлтіргендер 8 айдан кейін табылды

13 Қараша 2025, 15:27
519
Бөлісу:
 әлеуметтік желіден
VIDEO
Фото: әлеуметтік желіден

Сотта алдын ала сөз байласу арқылы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот алдында екі тұлға отыр, олар кісі өлтіргеннен кейін мәйітін және телефонын өзенге тастаған. Құқық қорғау органдарына марқұмның денесін анықтау үшін 8 ай уақыт қажет болды.

Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы іздерді жасырумен, ерекше қоғамдық қауіптілікпен, сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінге суыққанды және адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады.

Қылмыстық кодекстің 39-бабының талаптарына сәйкес, жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Қазақстан Республикасында ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі.  

Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.  Осыған байланысты прокурор ең жоғарғы жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Еске салсақ, Яна Легкодимова 2024 жылы 18 қазан күні жоғалып кеткен. Түнгі 22:00 шамасында үйінен шығып, қайта оралмаған еді.

Өзгелердің жаңалығы