Қандай жол учаскелері ақылы болады?

18 Қазан 2022, 12:30
2000
Бөлісу:
Қандай жол учаскелері ақылы болады?

Автомобиль жолдары комитеті елімізде ақылы жолдардың жаңа учаскелерін енгізуді көздейтін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атап айтқанда, мына жолдар ақылы болады деп жоспарланып отыр:

І-а санатты «Көкшетау арқылы Астана - Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Щучинск» 18+772 км – 230+250 км учаскесі.

Атап өтілгендей, жол жүру баламалы жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Атбасар» учаскесі, «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Атбасар – Зеренді учаскесі, Щучинск – Зеренді республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

І-а санатты «Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының «Астана – Теміртау» 1291 + 335 км – 1425 + 422 км учаскесі.

Жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Астана – Қабанбай батыр – Энтузиаст – Киевка – Темiртау» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолы.

«Алматы – Қонаев» 25 + 045 километр (бұдан әрі – км) – 67 + 000 км учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Айналып өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургқа) – Алматы», Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Алматы – Құрты» учаскесі, «Қонаев – Құрты» республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы.

I-б санатты «Алматы – Өскемен – Шемонайха – Ресей Федерациясының шекарасы (Сарқанд, Аягөз айналма жолдарымен және Мұқры шатқалына кіреберісімен)» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Қонаев – Талдықорған» 67+000 километр – 253+000 км учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

І-а санатты «Көкшетау арқылы Астана - Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Щучинск» 18+772 км – 230+250 км учаскесі ақылы болады.

І-а санатты «Астана – Ерейментау – Шідерті» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын, І-а санатты «Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын «Астана – Павлодар» 16+000 км – 1367+000 км учаскесі де ақылы жолдар қатарына енеді.

Айналып өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:

Республикалық маңызы бар «Астана – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау» автомобиль жолы, республикалық маңызы бар «Бастау – Ақтау – Теміртау» автомобиль жолының «Теміртау – Ақтау» учаскесі, республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» автомобиль жолының «Ақтау – Ульяновск» учаскесі, республикалық маңызы бар «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск» автомобиль жолы, облыстық маңызы бар «Беловка – Қалқама» автомобиль жолы, республикалық маңызы бар «Ленинский – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» автомобиль жолының «Беловка-Ленинский» учаскесі, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі республикалық маңызы бар автомобиль жолы. 

Күні кеше Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жолдардың сапасына қатысты сынға қалған еді. 

Министр республика аумағында қандай жаңа автожол жобалары қолға алынатынын айтқан болатын.

Орал қаласын оңтүстік-батыс айналып өту арқылы «Атырау - Орал» жобасы – 521 шақырымда (13 учаске), «Жезқазған - Қарағанды» - 513 шақырымда (12 учаске), «Ақтөбе - Ұлғайсын» - 262 шақырымда (7 учаске).  2024 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау арқылы жобалау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, - деп атап өтті министр. 

Ұлттық стандартқа сәйкес, жол бойындағы қызмет көрсету нысандары қызмет көрсету санатына қарай жол бойында орналасуы тиістігін атап өтті. 

Ондағы әрбір 50 шақырым Д санатына жататын нысандар. Бұл дегеніміз: жанар-жағармай құю станциялары, санитарлық-гигиеналық тораптар, бөлшек сауда нысандары. Ал әрбір 250 шақырым – А санаттағы нысандар, яғни барлық қызмет түрлерін көздейтін нысандар орналастырылады. Республикалық желі бойындағы қызмет көрсету нысандарының саны кемінде 1 900 нысан болуы тиіс, - деді ведомство басшысы.  

Сонымен қатар, 1 шақырым автожолды реконструкциялау құны: бірінші санат 4 жолақ және одан көп – 600 млн теңгеден басталады, екінші санат 2 жолақ – 400 млн теңгеден басталады, үшінші санат 2 жолақ – 250 млн теңгеден басталады. 

EPCM келісімшартының қағидасына сәйкес, бір орындаушы жобаның толық өмірлік циклін жобалау кезеңінен бастап 10 жыл бойы осы бөлімді одан әрі күтіп ұстауға дейін жүзеге асырады.

І-б санатты «Алматы – Шелек – Қорғас» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Алматы – Қорғас» 25 + 800 км – 320 + 800 км учаскесі

І-а санатты «Алматы – Өскемен (Сарқандтың, Аягөздің айналма жолдарымен және Мұқры шатқалының кiреберiсімен)» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Алматы – Қонаев» 25 + 045 км – 67 + 000 км учаскесі.

І-б санатты «Алматы – Ташкент – Термез» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Тараз – Қайнар» 238 км – 475+525 км учаскесі.

І-б санатты «Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) – Шымкент» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Шымкент – Қызылорда» 2252 + 000 км – 1805 + 500 км учаскесі.

I-б санатты «Астана – Петропавл», Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Щучинск – Көкшетау» 230 + 250 км - 291 + 000 км учаскесі.

І-б санатты учаскесі Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы өтетін «Өзбекстан Республикасының шекарасы – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас (Қазақстан Республикасының шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарымен)» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Шымкент – Тараз» 674 +000 км - 534+700 км учаскесі.

I-б санатты «Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке)» 719+000 км – 803+000 км учаскесі.  

 

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы