Қандай мұғалімдер 580 мың теңге айлық алатыны айтылды

Бүгiн, 15:27
639
Бөлісу:
Қандай мұғалімдер 580 мың теңге айлық алатыны айтылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Оқу-ағарту министрлігі кейінгі 5 жылда мұғалімдердің жалақысы 100%-ға өскенін хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлік мәліметінше, 2020 жылдан бастап Президент тапсырмасына сәйкес, педагогтердің жалақысы 100%-ға өсті. Сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіпорындардан тартылған мамандарға 30-35 % көлемінде үстемеақы қосылды.

«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін, педагогтердің жалақысы бойынша қалыптасу тәртібі өзгерген. Енді жалақы мөлшері төмендегідей критерийлерге байланысты анықталады:

«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін, мұғалімдердің жалақысының мөлшері білімінің, санатының (шебер, зерттеуші, сарапшы, модератор) деңгейіне және еңбек өтіліне, жүктеме көлеміне, сондай-ақ еңбек ету жағдайына байланысты қосымша төлемдер, академиялық дәрежесінің болуы (10 АЕК), тәлімгерлік етуі, сабақтан тыс спорттық дәрістер беруіне (базалық лауазымды еңбекақыдан 100%) байланысты қалыптасады.

Осылайша, түрлі санаттарының болуына байланысты педагогтерге келесідей үстемеақы төленеді:

  • Педагог-шебер – 50%.
  • ⁠Педагог-зерттеуші – 40%.
  • ⁠Педагог-сарапшы – 35%.
  • Педагог-модератор – 30%.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұғалімнің орташа айлық жалақысы 1 мөлшерлеме үшін (16 сағат) 352 мың теңге, ал ауыл мұғалімдері үшін 435 мың теңгені құрады. Бұл ретте Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, еліміздің педагогтерінің жартысы 1,5 мөлшерлемемен (24 сағат) жұмыс жасап, айына орташа 581 мың теңге жалақы алады, - делінген хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы