Қандай алма түрлері Қазақстанға әкелінбейді? – Шаққалиев жауап берді

5 Қыркүйек 2024, 13:14
299
Бөлісу:
Қандай алма түрлері Қазақстанға әкелінбейді? – Шаққалиев жауап берді
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Бұл сұраққа Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Сенат кулуарында жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақында Қазақстанға алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынған болатын. Осы орайда, БАҚ өкілі қандай алма сорттары енді Қазақстанға әкелінбейтінін сұрады. Мысалы, елге импортталып жатқан алманың елеулі үлесі Польша алмаларына тиесілі.

Польша алмалары импортымызға елеулі үлес қосып отырғаны рас. Бұл өнім тікелей теміржол арқылы тасымалданып жатыр. Неге автокөлікпен әкелуге тыйым салдық? Өйткені алманы автокөлікпен тасымалдау кезінде өнім шыққан елге қатысты ақпарат жалған болатын жағдайлар кездеседі, - деді министр Сенат кулуарында.

Шаққалиевтің айтуынша, осыған дейін Түрікменстанның қызанағы, қияры мен алмасы Қазақстанға Өзбекстан тауары деп тасымалданған.

Жалпы елімізде 12-ден астам сорттан 300 мың тоннаға жуық алманың мол өнімі болады. Сондықтан дүкен сөрелерінен алма жоғалмайды. Теміржол арқылы ашық әрі адал түрде жеткізіліп жатқан өнімге шектеу болмайды. Ал заңсыз және контрафактілік өнімге тыйым салынады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы