Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қандастар демографиялық тапшылығы бар өңірлерге ғана жіберілмек

Жансая ҚАМБАР
22 Шілде 2025, 11:53
530
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанда еңбек тапшылығы бар өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, қоныстандырудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол этникалық репатриация институтын дамыту шеңберінде қандастардың мәртебесіне, есебіне және сүйемелдеуіне, оның ішінде “Қандас” цифрлық платформасы арқылы көзқарастарды қайта қарау негізгі міндеттер болатынын атап өтті.

Еліміздің еңбек тапшылығы бар өңірлерінде олардың ерекшеліктерін ескере отырып, қоныстандырудың өңірлік бағдарламалары әзірленетін болады. Осылайша, келген этникалық қазақтарды бөлу демографиялық тапшылығы бар өңірлерге ғана жоспарланып отыр, - деді Светлана Жақыпова.

Министрдің айтуынша, тұрғын үй, оқыту, тілдік интеграция, кәсіби бағдар сияқты қосымша бейімделу шараларын одан әрі жетілдірілмек.

Өзгелердің жаңалығы