Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қанат Шөкенов Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Бейбітұлы Шөкенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.