Қанағатов: Конькишілерімізге жағдай жасалса, одан да жақсы нәтиже көрсетер еді

7 Ақпан 2022, 17:45
2463
Бөлісу:
Қанағатов: Конькишілерімізге жағдай жасалса, одан да жақсы нәтиже көрсетер еді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады. 

Оның айтуынша, Ақ Олимпиадаға жанкүйер болатын күндер әлі алда. 

Сонымен қатар ол шорт-тректе 500 метрге жүгіруден бақ сынасатын спортшыларға сәттілік тіледі. 

Спорттың, әсіресе, қысқы спорт түрлерінің деңгейін өздеріңіз білесіздер ғой. Мен мұны айтудан жалықпаймын. Мысалы, спорттың бір түрі – конькиден бір-ақ қана мұзайдыны бар. Соған қарамастан, жақында жастар юниорлардың арасында қызымыз әлем чемпионатында екінші болды. Өңірлерде сондай «Алау» сияқты конькимен айналысуға сарай демей-ақ қояйын, жаттығу жасауға жабық нысандар салып, жағдай жасап берсе, конькишілеріміз одан да жақсы нәтиже көрсетер еді. Қазіргі нәтиже де 13-ші, 14-ші орын алып жатыр. Дүние жүзінде мұндай орын да жақсы нәтиже, - деді Ұлттық олимпиада комитетінің спорт дирекциясының директоры.

Еске сала кетейік,  бұған дейін Елсияр Қанағатов Олимпиада ойындары оңайға түспей жатқанын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы