Қамыс-Самара көлдеріне су 20 жылда алғаш рет барып отыр

17 Сәуір 2024, 18:41
539
Бөлісу:
Қамыс-Самара көлдеріне су 20 жылда алғаш рет барып отыр
Фото: Видеодан кадр

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабының брифингінде ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су ресурстары және ирригация министрі тасқын суын қабылдау және өткізу іс-шараларын жеке бақылауында ұстап отыр. Қазір ол Батыс Қазақстан облысында.

Батыс Қазақстандағы «Қазсушар» филиалы Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінен Қамыс-Самара көлдеріне су жіберіп жатыр. Айта кетейін, аталған көлдер жүйесіне су 20 жылда алғаш рет барып отыр, - деді ресми өкіл.

Президенттің тапсырмасы бойынша министрлік 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын реконструкциялаудың кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда жаңадан 57 су қоймасын салу қарастырылған.

Оның 20-сы су ресурстарын басқаруды дамыту тұжырымдамасында да көзделген. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында төрт су қоймасын, Түркістан және Жамбыл облыстарында үш су қоймасынан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 2 су қоймасынан, Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарында және Абай облыстарында бір-бір су қоймадан салу жоспарланып отыр. Жұмыс 2024-2028 жылдары басталуы тиіс, - деді Мөлдір Әбдуалиева.

Өзгелердің жаңалығы