Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарында финалға шықты

Қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев 2023 жылы Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ  3 Қазан 2023 2023, 21:08
3 Қазан 2023 2023, 21:08
1277

Қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев 2023 жылы Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жартылай финалдық кездесуде 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қоңқабаев үндістандық Нарендермен кездесіп, оны төрешілер шешімімен ұтты.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасынан өзі ғана финалға шығып, олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Енді ол алтын үшін өзінің сыралғы қарсыласы, әлем чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалоловпен таласады.

Наверх