Астанада таңертеңнен бері ауа райы күрт нашарлап, қалың қар жауып, жол қозғалысын қиындатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңнан бері 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, қашықтықты ұлғайту, кенет маневр жасамау және жаяу жүргінші өткелдері мен бағдаршамдарына жақындағанда алдын ала жылдамдықты төмендету ескертіледі.
Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын бақылау және қысқы шиналарды қолдану қажеттігі еске салынады. Олай болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Астана полициясы жол жағдайын бақылауды жалғастырып, жолдағы қауіпсіздік көп жағдайда әрқайсымызға байланысты екенін ескертеді. Сақ болыңыздар, ауа райына байланысты сапар бағытын алдын ала жоспарлаңыздар және жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар, – делінген хабарламада.