Бүгін, 6 ақпанда Астанада таңғы уақыттың өзінде 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицияның мәліметінше, апаттардың көбеюіне қалың қар мен қолайсыз ауа райы себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, кенет тежелуден аулақ болуға және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстануға шақырады. Сондай-ақ, қала сыртындағы кейбір жол учаскелерінде қозғалыс шектелуіне байланысты алыс сапарлардан бас тарту ұсынылады.
Полиция жаяу жүргіншілерге де сақ болуды ескертеді: жолды тек белгіленген жерден кесіп өту, жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану және жолдан өтер кезде ұялы телефон мен құлаққап қолданбау қажет.