Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 29 мамыр мен 2 маусым күндері Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағында «Қалқан-2023» жедел оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шара үш кезеңде ҰҚК, Қорғаныс, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министірліктерінің, сонымен қатар, Ұлттық ұлан бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен іске асырылды.
Оқу-жаттығу барысында мемлекеттік органдардың кризистік жағдайлар туындағанда, террорлық және діни-экстремистік ұйымдардан төнген қауіпті бейтараптандыру, сонымен қатар арнайы шекаралық операцияларды жүргізудегі нақты әрекеттері пысықталды.
Қорытындысы бойынша құзыретті органдардың кризистік жағдайларға қарсы бірігіп әрекет ету мен әзірлігін жоғарылатуға бағытталған шаралар қабылданды.