Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қалдықтардың барлық түрін басқару жөніндегі тұжырымдама әзірленді

Жансая ҚАМБАР
25 Қараша 2025, 12:13
278
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Үкімет отырысында Қалдықтардың барлық түрін басқару жөніндегі тұжырымдама әзірленгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол экономиканың өсуі, құрылыс көлемінің артуы және тұтынудың өзгеруі барлық санаттағы қалдықтардың көбеюіне алып келгенін атады.

Негізгі үлес өнеркәсіптік қалдықтарға тиесілі: жыл сайын жүздеген миллион тонна жердің беткі жыныстары мен техногендік минералдар жиналады. Кәсіпорындарда қалдықтарды қайта өңдеуге ынталандыратын немесе міндеттейтін механизмдер жоқ, сол себепті қалдықтар жылдар бойы жиналып, экологиялық қауіп тудырып жатыр, – деді Әлиев.

Вице-министр коммуналдық секторда жыл сайын шамамен төрт жарым млн тонна қалдық түзіледі, алайда оның тек 25–26 проценті ғана қайта өңделетінін жеткізді. Қалдықтың басым бөлігі экологиялық және санитарлық талаптарға сай келмейтін полигондарға жіберіледі.

Тағам қалдықтары әр аймаққа байланысты тұрмыстық қалдық массасының 30-40 процентін құрайды, бірақ оларды өңдеуге арналған инфрақұрылым іс жүзінде жоқ. Құрылыс қалдықтары заң бойынша көмуге болмайтынына қарамастан, әлі де полигондарға түсіп, немесе стихиялық қоқыс санын көбейтіп жатыр, – деді ол.

Ол қалдықтарды басқару саласы өзара байланысты экологиялық, экономикалық және институционалдық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын жеткізді.

Осы орайда, Олжас Абайұлы, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, жинақталған проблемаларды жүйелі шешуге бағытталған Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөніндегі тұжырымдама әзірленді, – деп хабарлады вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы