Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пышақпен адамға көптеген соққы жасаған күдікті Ресейден елге жеткізілді

12 Мамыр 2025, 14:46
523
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

ҚР Бас прокуратурасы жеке адамға қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін сот үкімін орындау мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған тұлға 2023 жылы Риддер қаласында алкогольдік ішімдік ішу барысында жәбірленушімен ауызша жанжал негізінде өзімен бірге болған жиналмалы пышағымен оның басы мен денесіне көптеген соққы жасаған. Уақытылы көрсетілген медициналық көмекке байланысты жәбірленуші құтқарылды. 

Сот үкімімен ол бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталып, алайда өзіне жүктелген міндеттерді орындамай, қылмыстық жазасын өтеуден жалтаруына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды. 

Өткен жылдың қыркүйегінде іздестірудегі Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол екі жылдан астам мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтеуі керек.

Өзгелердің жаңалығы