Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік әскерлер Украина аумағында Курск бағытында украиналық әскерлерді қоршап алуға тырысып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Украинская правдаға" сілтеме жасап.
Мен ресейлік тарап украиналық әскерлерді сол бағытта (Курск бағытында – ред.), бірақ Украина аумағында қоршап алғалы жатыр деп есептеймін. Біздің әскер мұны біледі, қолбасшылық мұны біледі, біз де олардың мұны жасағалы жатқандарын нақты түсінеміз. Олар Украина аумағына барынша өтіп кеткілері келеді және бұған таңданатын ештеңе жоқ, - деді Зеленский брифингте.
Украина президенті Курск облысында украиналық әскерді қоршап алғандығы туралы ақпаратты "Путиннің өтірігі" деп атады. Айтуынша, ол жерде УҚШ операциясы жалғасып жатыр.
Мен барлау деректері бүгін дөп келгеніне алғысымды айтамын және біз украиналық тараптың Курск облысында екендігін, украиналық әскердің қоршауда қалғаны Путиннің өтірігі екендігін айттық. Курск облысында украиналық әскер қоршауда қалған жоқ, - деп мәлімдеді Зеленский.