Путиннің баспасөз хатшысынан коронавирус анықталды

12 Мамыр 2020, 19:21
1521
Бөлісу:
Путиннің баспасөз хатшысынан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков COVID-19 вирусын жұқтырғандығын айтты, деп хабарлады РИА Новости.


Кремльдегі өкілі қазіргі таңда оның ауруханада жатқандығын айтты.

Песков коронавирусты жұқтырған биліктің бірінші өкілі емес. Мәселен, 30 сәуірде Премьер-министр Михаил Мишустин Президентке ауруға тест тапсырғанын және оның оң нәтиже бергенін мәлімдеген. Министрлер кабинеті басшысының уақытша міндетін атқарушы болып Андрей Белоусов тағайындалды.

Бірінші мамыр күні құрылыс министрлігінің басшысы Владимир Якушевтің ауруханаға жатқаны белгілі болды, ал 6 мамыр күні вирус мәдениет министрі Ольга Любимовада анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, коронавирус індетін әлемде төрт миллионнан астам адам жұқтырып, кем дегенде 278 мың адам көз жұмған.

Ресейде 232 243 COVID-19 вирусы бар науқас тіркелген, оның ішінде 43 мыңнан астамы сауығып, 2116 науқас қайтыс болған.
Өзгелердің жаңалығы