Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Путинмен Қазақстанда кездесе аламыз": Зеленский маңызды мәлімдеме жасады

24 Қыркүйек 2025, 08:16
1408
Бөлісу:
 Telegram/Zelenskiy
Фото: Telegram/Zelenskiy

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстанда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Fox News арнасына берген сұхбатында келіссөздер өтетін орынды талқылады. Украина президенті Киевтің кездесу өткізу орны ретінде Түркия, Сауд Арабиясы, Катар және «бейтарап Еуропа» - Австрия мен Швейцарияны ұсынғанын айтты.

Біз кездесуді өткізу үшін әр түрлі орындарды ұсындық – Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Австрия немесе Швейцария сияқты бейтарап Еуропа, қаласаңыздар, мәселен, Қазақстанда кездесе аламыз, - деді Зеленский.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Владимир Зеленскиймен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы