Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина мен Ресей президенттері тек "жол картасы" жобасы дайын болғанда кездесуі мүмкін. Бұл туралы Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Telegram-каналында жазды.
Келіссөздер процесі шеңберінде жұмыс тобы қандай да бір алдын ала құжаттарды әзірлеп, оны президенттерге береді. Олар "жол картасына" баға береді, оны бетпе-бет кездесіп, талқылауға болады. Мұндай жағдайда кездесу болуы мүмкін, – деп жазды Михаил Подоляк.
Оның пікірінше, "қос елдің президенттері қатысқан кездесуде ғана түбегейлі шешімдер қабылдануы мүмкін".
Сондай-ақ Михаил Подоляк Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер үнемі онлайн форматта өтіп жатқанын, бұл процеске қатысатын көптеген консультативті топ барын атап өтті.