Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында Владимир Путин Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, қажымас қайрат және достас Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі.
Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігі мен мол тәжірибесі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді күшейтуге септігін тигізетініне сенім білдірді, - делінген хабарламада.
Елбасы Владимир Путинге жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болды.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Путин Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

-
1Айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің ұлына қатысты шу шықты47302Балабақшаға бара жатқан 10 бала жол көлік оқиғасына ұшырады38183Алматыда мопед жүргізушісі екі адамның өмірін қиды14324Жаңа ереже: Қазақстанда банктер енді кімдерге несие бермейді?13935Сүйінші. Баспаналы болатындардың тізімі жарияланды1372