Путин АҚШ президентінің арнайы өкілімен 4,5 сағат сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың кездесуі 4,5 сағатқа созылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Видеодан кадр 12 Сәуір 2025 2025, 09:26
12 Сәуір 2025 2025, 09:26
1178
Фото: Видеодан кадр

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың кездесуі 4,5 сағатқа созылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жабық кездесу жұма күні кешкісін Санкт-Петербургтегі Президент кітапханасының ғимаратында өтті. Кремль сайтында хабарланғандай, кездесу тақырыбы — Украинадағы жағдайды реттеу мәселелері болды.

Ақ үй Уиткоффтың Ресейге сапарын Украинадағы атысты тоқтатуға және түпкілікті бейбіт келісімге жетуге бағытталған тағы бір қадам ретінде бағалады.

Мен мырза Уиткоффтың Ресейде екенін және Кремльмен, Владимир Путинмен тікелей байланыстар орнатқанын растай аламын. Бұл — Украина мен Ресейдегі атысты тоқтату және түпкілікті бейбіт келісімге қол жеткізуге бағытталған келіссөздер процесінің тағы бір кезеңі, – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт.

Наверх