Ресей президенті Владимир Путин Африкада орыс тілін оқытатын мектептер ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Ресей президенті Ресей-Африка экономикалық және гуманитарлық форумының пленарлық отырысында орта және жоғары білімді дамытуға көмектесуге уәде берді. Оның айтуынша, Ресей Африка елдерінде орыс тілінде білім беруді ұйымдастыра алатын мұғалімдерді дайындайды.
Орыс тілін үйренуге арналған осындай жобаларды жүзеге асыру, біздің елде жоғары білім беру стандарттарын енгізу одан әрі өзара тиімді тең құқықты ынтымақтастық үшін ең жақсы негіз болатынына сенімдімін, - деді Путин.
Сондай-ақ педагогикалық университеттерге Африкадан келген студенттерді қабылдауды көбейтуге де сөз берді.