ПТР-тест пен бетперде бағасы төмендеді

9 Қараша 2020, 10:15
1691
Бөлісу:
ПТР-тест пен бетперде бағасы төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың екінші толқынына дайындық мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бағалардың барабарлығына талдау жүргізу және зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізді.

Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді («Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгіледі, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті).

Медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен 21 теңгеге дейін төмендетті, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы 20 теңгеден 3 теңгеге/дана дейін, орта есеппен 60 теңгеден                     26 теңгеге дейін төмендеді.


Өзгелердің жаңалығы