"Психикасына теріс әсер етеді". ІІМ интернетте таралған қауіпті ойындар туралы айтты

30 Қыркүйек 2024, 15:53
442
Бөлісу:
"Психикасына теріс әсер етеді". ІІМ интернетте таралған қауіпті ойындар туралы айтты
Фото: Арман Мухатов -архив

Мессенджерлерде қауіпті ойындар таралып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл басынан бері мониторинг нәтижесінде суицидтік сипаттағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды.
Олар бойынша ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға, яғни Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілді. Соңғы уақытта мессенджерлерде қауіпті ойындар туралы ақпарат таралып жатыр. Мұндай ойындарда өз-өзіне қол салу  элементтері кездеспейді, бірақ, онда балалардың психикасына теріс әсер ететін қашу, бағынбау сияқты әрекеттерді құптау қаупі болуы мүмкін, - деді Алекешев министрлікте өткен брифингте.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің өкілі ата-аналарға бала тәрбиесіне мұқият көңіл бөлуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы