Прокурорлар мемлекетке 46 млн теңге қарызы бар борышкерді ұстады

24 Қыркүйек 2019, 11:20
2120
Бөлісу:
Прокурорлар мемлекетке 46 млн теңге қарызы бар борышкерді ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік сот орындаушылар 2018 жылдың қыркүйек айында «О» есімді борышкерге іздеу жариялаған. Оның мемлекет алдында 46 млн теңгеден астам қарызы болды, деп хабарлады Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Атқарушылық іс-әрекеттер борышкердің іздеуде жүргендігіне байланысты тоқтатылған. Бір жылдан аса уақыт өтсе де борышкердің жүрген жері не сот орындаушылармен, не көші-қон полиция қызметкерлерімен анықталмаған.

«Қала прокуратурасы ақпараттық жүйелер мен әлеуметтік желілер арқылы борышкер «О» жүрген жерін анықтап, сол күні ол дереу сот орындаушыларға жеткізілді. Келесі күні борышкерге қатысты сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік іс-өндірісі қозғалып, 12 625 тенге көлемінде айыппұл салынды (Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 18.09.2019 жылғы қаулысына сай ӘҚБтК 669 бабымен). Сот шешімінің әрі қарай орындалуы бақылауда», - делінген таратылған ақпаратта.



Өзгелердің жаңалығы