Мемлекеттік айыптаушы сотта Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Прокуратура өкілі Жангелді Есебаев соттан Қайрат Сатыбалдыұлын мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Президентке Сатыбалдыұлын Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін. Сатыбалдыұлының қамауда ұстау уақыты жаза мерзіміне 1 күн - 1,5 күн болып есептеуді сұраймын, - деді прокуратура өкілі Жангелді Есебаев.