Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға қамауды сұрады

25 Сәуір 2023, 17:05
861
Бөлісу:
Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға қамауды сұрады
Фото: ratel.kz

Оның айтуынша, мұндай жазаны сотталушының жасаған қылмысының сипаты мен ауырлығына байланысты қабылдау қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлмира Сатбалдыға Қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі бойынша – мүлкін тәркілеусіз бас бостандығынан айыруға 6 жыл, ал Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі бойынша 8 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын, - деді прокурор Азамат Сәрсембаев.

21 сәуірде Гүлмира Сатыбалды сотта жауап алу кезінде өзінің кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы