Сот үкімі алқабилердің ашық дауыс беруімен қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік айыптаушылар Бишімбаев пен Байжановқа берілген сот шешімі әділ деп санайды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сот шешімінің заңға сәйкестігін және дәйектілігін тексеруге 15 күн беріледі. Осы аппеляциялық мерзім аяқталған кезде сот шешімінің заңдық негізіне ресми баға беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.
Ал іске қатысы бар Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.