Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев іздеуде жүрген адамдар жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз адамдарға іздеу жариялаймыз. Қазіргі таңда 3,5 мың адам іздеуде жүр. Оның ішінде 1,5 мыңы халықаралық іздеуде. Біз олардың фамилияларын білеміз. Біз олардың қай жерде екенін анықтаумен айналысып жатырмыз-, деді ол.
Журналистердің ЛРТ бойынша күдіктілер Лондонда екенін бәрі біледі деген сұрағына былай жауап берді.
Талғат Ардан іздеуде жүр. Оның орналасқан жерін анықтаған жағдайда барлығы да Интерпол арқылы іске асырылады. Біз экстрадициялық сұрау жібереміз. Жасырынып жүрген азаматтарды білеміз. Сіздер дұрыс түсініңіздер. Шетелде тығылып жүрген біздің азаматтарымыздың кейбіреуін тез қайтарып аламыз, ал кейбіреулеріне уақыт керек. Бір жыл, екі жыл, үш жыл. Көп уақыт кететіні рас. Бірақ біз тоқтамаймыз. Шетелде қашып жүрген адам ертелі-кеш Қазақстанға келіп өзінің жазасын өтейтін болады,-деді ол.
Бұл адамдар жасырынып жүрген жоқ сияқты, әлеуметтік желілерге ашық түрде жазба, суреттерін жариялап отырады деп БАҚ өеілдері нақтылады.
Біз барлығын көріп отырмыз,-деді ол.