Прокуратура органдары арасындағы шаңғы чемпионаты аяқталды

Кеше, 11:34
256
Бөлісу:
Прокуратура органдары арасындағы шаңғы чемпионаты аяқталды
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының прокуратура органдары арасындағы шаңғы чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шара Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай өткізілді.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқарма бастығы Ернұр Уәли, облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов, прокуратура ардагерлері қатысты. Чемпионат Борки кентіндегі шаңғыроллер трассасында өтті, оған 16 құрама команда қатысты.

Спорттық шараны аша отыра Қ.Әбдіханов чемпионаттың мақсаты прокуратура органдары қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен қысқы спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, «Заң мен тәртіп» қағидаларын біріншіден өз қатарларында сақтау, сонымен бірге Ұлы Отан соғысқа қатысушылар мен батырларды, соның ішінде прокуратура органдарының қызметкерлерін еске алуға арналғанын атап өтті.

Жарысқа қатысушылар жоғары деңгейде спорттық дайындықтарын және командалық мықты рух көрсетті.

Турнир қорытындылары бойынша 1-орынды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының командасы, 2-орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің командасы, 3-орынды Құқық қорғау органдары академиясының командасы иеленді.

Жеке жарыста әйелдер арасында Бас прокуратураның, Құқық қорғау органдары академиясының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің, ерлер арасында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының, Павлодар облысы прокуратурасының өкілдері жеңіске жетті.

Аралас эстафеталық жарыста келесідей жеңімпаздар анықталды: Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті, Құқық қорғау органдарының академиясы. Жарыс қорытындылары бойынша жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Шаңғыдан жарыс чемпионаты қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға ғана емес, ұжымдарды біріктіруге де бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы