Прокуратура: Мемлекеттің 52 млн теңге шығынының орны толтырылды

29 Ақпан 2024, 05:20
494
Бөлісу:
Прокуратура: Мемлекеттің 52 млн теңге шығынының орны толтырылды
Фото: Арман Мухатов -архив

"Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК-сі мемлекеттік сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін "Арх-Комплекс" ЖШС-дан 52 миллион теңге өндіріп алу туралы сотқа жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан мәліметке сүйенсек, шартқа сәйкес ЖШС жобалы сметалық құжатты әзірлеуге және сараптаманың оң қорытындысын алу үшін сүйемелдеуге міндетті.

Сот талап қою мерзімін өткізіп алғанын сілтеме жасап, талапты қанағаттандырусыз қалдырған.

Бұл ретте сот жобалық сметалық құжаттың заң талаптарына сәйкес келмеу фактісі талап қоюшыға сараптаманың теріс қорытындысын алғаннан кейін ғана белгілі болғанын ескермеген.

Шымкент қаласы прокуратурасының апелляиялық өтінішхаты негізінде апелляциялық саты сот шешімінің күшін жойып, талап арызды толық қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарды.

Осылайша прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде мемлекет пайдасына 52 млн теңге өндірілді.

Өзгелердің жаңалығы