Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 2647 адам тіркелген. 10 мың адамға шаққанда сырқаттану көрсеткіші 32,5%-ды құрайды. Апта ішіндегі күн сайынғы өсім 1,7-дан 4,6% аралығында болған.
Өткен тәулікте қалада вирус жұқтырған 31 адам тіркелді. Тәуліктегі өсім көрсеткіші 1,1%-ды құрады. Күнделікті өсім көрсеткіші маңызды. Қала бойынша 2647 жағдай тіркелді, дегенмен профилактикалық тексеру кезінде 747 оқиға анықталды, бұл 28,5%-ды құрайды. Медициналық ұйымдарға өздері келгендер 7-8 жағдай, байланыста болғандардар саны – 1790, бұл 68,4%-ды құрайды, - деді ол.
Сондай-ақ, ол 1620 науқас жазылып, ауруханадан шығарылғанын атап өтті.
Вирус жұқтырғандар ішінде жұмыс істейтіндердің саны 8-9%-ды құрайды екен, зейнеткерлер – 1,6%, жұмыс істемейтіндер – 4,6%, балалар – 1,8%. Сенбі күні қалада вирус жұқтырған 117 адам тіркелді. Оның себебі көптеген жұмыс орындары ашылып, жұмысшылар тестілеуден өтті. Соның арқасында вирус жұқтырғандарды дер кезінде анықтадық. Оның ішінде 42-сі бұрын ауырғандармен байланыста болғандар. Сонымен қатар, 18 медицина қызметкерінен вирус анықталды. Яғни мұның бәрі профилактикалық жұмыстың арқасында анықталып отыр, - дейді Жандарбек Бекшин.