Профессор пандемиямен күрестегі вакциналар тиімділігі жайлы айтты

20 Желтоқсан 2020, 12:54
1648
Бөлісу:
Профессор пандемиямен күрестегі вакциналар тиімділігі жайлы айтты

Алматы, BAQ.KZ.  Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмас Шарман Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында COVID-19 вакцинациясының перспективалары туралы айтты.

Шарман сарапшылардың пандемияның 2021 жылдың ортасында немесе соңында аяқталуы мүмкін екені туралы деректерді келтірді. Оны тиімді жәні қауіпсіз вакциналардың дайндаумен байланыстырады, әлемде мұндай вакциналарды жасау үшін екі жүзге жуық зертхана жұмыс істеуде. 

Коронавирусқа қарсы Pfizer/BioTech және Moderna компаниясының вакцинасы жақында сынақтан сәтті өтті. Олардың тиімділігі 95 пайыздан асқан. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Екі вакцина матрицалық РНК-ның ең заманауи технологиясына негізделген. Оның басты ерекшелігі тек антиденелердің бөлінуіне ғана емес әрі жасушалық иммундық әсеріне де ыөпал етеді. Бұл нәтижелердің барлығы медиктердің болжамынан асып түсті және шабыттандыруда. Демек, ғалымдар COVID-19-ды жеңу жолында тағы бір маңызды қадам жасаған сияқты, - деді ол. 

Келер жылы бірнеше миллиард дозада түрлі вакциналар өндіріледі деп күтілуде. Оның үстіне, әлемде халықты вакцинациялау мәселесі түрлі пікірлер тудыруда.

Профессордың айтуынша, вакциналар адамзатқа пандемиядан қорғайтын иммунологиялық жастықты қалыптастыруға көмектеседі. Алайда, ағзада коронавирусқа қарсы бейтарап антиденелердің қаншалықты ұзақ сақталатыны және адамның қанша уақытқа иммунитетке ие болатыны әлі де түсініксіз. Осыған байланысты, кейбір жасалып жатқан вакциналар екі немесе одан да көп екпені қажет етуі мүмкін.

Еске салсақ, Қазақстанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеудің қорытынды III кезеңінің басталуы мақұлданды. Алдын ала зерттеу нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігі, иммуногенділігі және тиімділік деңгейінің 96% көрсетуде.

Өзгелердің жаңалығы