Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арал аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі жастарды аудандық Абай атындағы орталық кітапханаға алып барды. Ондағы мақсаты - олардың бойында адами құндылықтарды қалыптастырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД.
Кітапхана қызметкері Г.Кулмашева сотталған азаматтарға кітапхана тарихы, кітапхана қорындағы кітаптармен таныстырып, Абай әлеміне саяхат жасап, кең көлемді кітап көрмесіне шолу жасады.
Қазіргі күні кітапхана қорында 80 мыңға жуық кітап бар. Мұнда өзіңізге ұнайтын кез келген әлемдік әдебиет болсын, классикалық көркем туынды дейсіз бе немесе аудармалар, томдық кітаптар қызықтырса іздегеніңіз табылды, оқырман билетін аштырып, кітап алып оқуларыңызға болады. Кітап өзіңізді дамыту үшін керек,-деді кітапхана қызметкері.
Шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлеріне алғыс айтылды
Мен кітапханаға жиі барамын. Көбіне тарихи кітаптарды алып оқимын. Кітап оқу арқылы ой-өрісің дамиды, сөздік қорың молайады, есте сақтау қабылетін артады. Өзім сияқты жастарға кітапханаға жиі барыңыздар деп айтар едім. Бүгінгі шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз,-деді есептегі сотталған.