Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмектер жүйелі жүргізіліп келеді, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті.
Аудандық емхананың психолог маманы Р. Прекешова қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған 10 азаматты қабылдады.
Психолог маман сотталғандарды қабылдау барысында олармен қайталап қылмысқа жол бермеу, қоғамға бейімдеу тұрғысында сұхбат жүргізді.
Негізі психолог маманның қабылдауында болып тұрған дұрыс деп есептеймін. Менде маманның жеке қабылдауында болдым. Психологпен сұхбаттасу барысында өзімнің жағдайымды айтып, тығырықтан қалай шығу жолдарын сұрадым. Психолог маман менің сұрағыма біріншіден, өзің белсенді болуың қажет, сонда ғана өз-өзіңе сенімділігің артып, ойлағаның орындалады деді. Осы шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз,- деді есептегі азамат.