Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемді проактивті форматта тағайындауға өз келісімін растаған азаматтар SMS жібергеннен кейін бірнеше күн ішінде өтінімді қарау статусын тексере алады.
Егер сізге "Uvazhaemiy zayavitel IIN ххххххххххх, v sluchaye poteri dohoda s 5 iyulya soglasni proaktivno poluchit 42500 Esli da - otpravte 1, net -2 v techeniye 5 dn." мәтіні бар sms-хабарлама келіп түссе, осы хабарламаға жауап берген соң бірнеше күн өткеннен кейін сіз eGov.kz порталында egov.kz/services/P6.47/ сілтемесі бойынша өтінімнің статусын тексере аласыз.Егер sms-жауап жолдау кезінде қате шықса, бұл келесі себептерден болуы мүмкін:
- сіздің теңгеріміңіз 1 бірліктен аз;
- телефон баптауларында қысқа нөмірлерге sms-хабарлама жіберуге тыйым салынған;
- баптауларда мәтіндік хабарламаларға тыйым салынған және mms хабарламалар басымдыққа ие;
- сигналға байланысты проблема;
- ұялы байланыс операторларындағы проблемалар.
Естеріңізге сала кетейік, 16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда.
Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.