Приозерскіде Абай саябағының құрылысы басталды

Приозерскіде Абай саябағының құрылысы басталды
567

Приозерск қаласында болашақ саябаққа арналған алаңды тазарту, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жақында қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды отырғызу басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Саябақтың кеңістігі бірнеше бөлікке бөлінеді: демалыс аймағы, кәсіпкерлерге арналған аймақ және концерттер өткізуге арналған үлкен сахна. Кіреберіс бөлігі аркамен безендіріліп, ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады. Саябақтың ауданы 2,2 гектарды құрайды. Ол қоршалған болады.

Бүгінгі таңда саябақ аумағын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, келесі кезең-ұзындығы 2 мың метрден асатын суару жүйесінің құбырларын төсеу, содан кейін қылқан жапырақты және басқа да ағаштарды ішінара отырғызу басталады, – деді қала әкімі Сапар Сатаев. – Саябақ үшін біз қала орталығындағы, Абай көшесіндегі бос жерді таңдадық, сондықтан ол ақынның атын иеленуі тиіс. Сондай-ақ болашақта біз стадионымызды жөндеуді жоспарлап отырмыз.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы